Кіріспе
Адам- машиналық интерфейс
Адам – машиналық интерфейс немесе қолданушы интерфейс басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол оператор- қолданушы және мехатрондық жүйе арасында ақпараттыалмасуды қамтамасыз ету үшін арналған. Адам мехатрондық жүйемен өндіруші және қолданушы сияқты кездеседі. Мехатрондық жүйе өндірушінің мақсаты, берілген интерфейс үшін қандай жабдық қолданылатынын шешу. Және де өндіруші программалық қамтамасыздандыруды дайындайды, яғни интерфейс көмегімен оператор мен мехатрондық жүйе ақпаратты керектігін, неге ұмтылу керектігін, нені күту керек және орнатылған жағдайда тез шешу керек. Бұл жүйеде оператор мехатрондық жүйе көмегімен іске асыратын нақты мақсаттары мен есептері бар қолданушы ретінде болады. Бұл жағдайда басқару жүйесі және барлық мехатрондық жүйе қойылған мақсатты жүзеге асырушы құрал болып табылады. Мақсыттың табысты шешімі көбінесе адам-машиналық интерфейстің мүлтіксіздігіне байланысты. Сондықтан мехатрондық жүйені басқару бойынша оператор функцияларын жобалау кезінде интерфейс өндірушінің көз алдында болу қажетті.
Интерфейсті жобалау кезіндегі үш негізгі принцип бар:
Қарапайымдылық;
Көрнекілік;
Тізбектілік.
Қолданушы интерфейсін құру кезінде, дисплейде жүйе моделін көрсетуге ұмтылады. Қарапайымдылық ол оператордың шешімін қабылдауын қиындататынмаңызды деректермен бірге көптеген керексіз деректер шықпауын білдіреді.
Көрнекілік мақсаты, қолданушының болып жатқан процессте тікелей байланыста және қатысушылық сезімі болу. Кейбір жүйелерде көрнекілік графикалық метафор-пиктограмма көмегімен жетеді. Кескін ассоциацияны туғызады, олар қолданушыға көмектеседі, жаңарылмайды.Мысалы, пиктограммада ортаның өзгеру температурасының шкаласын көрсетеді және осы пиктограммада жіберілетін шектер белгіленген (1-сурет).
Қолданушы интерфейсінде табиғи тілді қолдану көбінесе адам мен машина арасында ақпарат алмасуына мүмкіндік туғызады. Қолданушы интерфейс құрылғысы ретінде монитор, пернетақта, басқару панельдері, тышқан, трейкбол, джойстиктер, қашықтан басқару құрылғысы және т.б. атап өтсе болады. Жетілмеген интерфейсі бар құрылғысы ретінде көбісі қолданылмайтын көп батырмасы бар олардың пультін айтуға болады.
Негізгі бөлім
1.Тізбектелген бөлшектер – адам-машиналық жүйесінің математикалық аппарат анализі мен синтезі
Тізбектелген бөлшектердің ертеден келе жатқан ғылыми тарихы бар. 18 ғасырда Эйлер бірінші болып оның теориясын келтіріп, функцияны бөлуге қолданып, дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін қолдану туралы сұрақ қойды. Бұл мәселемен Логранж айналысты. Ол тізбектелген бөлшектер көмегімен дифференциалдық теңдеулерді шешудің амалын тапты.
Бірақ ғалымдар тізбектелген бөлшектер туралы әр түрлі көз-қараста болды. Осыған байланысты өткен ғасырдың екінші жартысында Петр Бекам: «Тізбектелген бөлшектер қазіргі кезде математиканың керек емес облысына жатады, бұл орта мектептер үшін өте қиын, бірақ колледжге жеңіл»,- деді. Алайда инженерлер тізбектелген бөлшектерге практикалық қолданыс тапты. Тізбектелген бөлшектердің инженерлік практикасында А.Я. Хинчин кітабы маңызды роль атқарды. Бұл кітап мехатроника, электроника, информатика, автоматика салаларында тізбектелген бөлшектерді қолдану жолдарын көрсеткен.
Ереже бойынша адам-машиналық жүйе басынан-ақ мехатрондық жүйе болып табылады, ол бір жүйеге механикалық қондырғылырды, электронды есептеуіш ақпаратты өңдеу және басқару құрылғыларын біріктіреді.
Соңғы адам-машиналық жүйесі автоматтандырылған шешім қабылдайтын жүйе формасында көрсетілген, құрылымы Эйлердің үш концентрленген шеңберлерімен немесе программалық, адаптивті басқару мен жүйені оқу алгоритмдік контурларымен бейнеленген. Адам-машина жүйесінің құрамдас элементі шешім қабылдайтын автоматтандырылған жүйе формасының кейпінде болады.
Адам-машина жүйесінің шешім қабылдайтын автоматтандырылған жүйе формасындағы анализы төмендегідей болады:
Тәсілдерді анықтау, шешім қабылдау кезінде берілген критерилер бойынша ақпаратты өңдеу;
Математикалық амалдар мен эксперттік білімнің формализация негізіндегі итерация процессінің басқаруға әсерінің формасын құру:
Операциялық күшейткіштің күйіне байланысты басқарудың әсер етуінің формасын құрудың тәсілдерін таңдау;
Операциялық күшейткіштің қозғалысын және шешім қабылдайтын автоматтандырылған жүйенің формаланған кеңістігінде жаңа білімдерді құратын жасырын заңдылықтарды анықтау
Адам-машина жүйесінің шешім қабылдайтын автоматтандырылған жүйе формасындағы синтездеу қажеттілікпен анықталады.