Мемлекет жəне құқық теориясы

This document was uploaded by one of our users. The uploader already confirmed that they had the permission to publish it. If you are author/publisher or own the copyright of this documents, please report to us by using this DMCA report form.

Simply click on the Download Book button.

Yes, Book downloads on Ebookily are 100% Free.

Sometimes the book is free on Amazon As well, so go ahead and hit "Search on Amazon"

Оқу құралы Экономика жəне құқық академиясының Оқу
жəне Оқу-əдістемелік кеңестерімен ұсынылған
Рецензеттер: Баймаханов М. Т. — заң ғылымдарының докторы,
ҚР ҰҒА академигі; Котов А. К. — заң ғылымдарының докторы.
Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Заң əдебиеті, 2006. — 106 бет.
ISBN 9965-620-31-8
Оқу құралы Мемлекет жəне құқық теориясы курсының оқу бағдарламасына сəйкес дайындалған жəне жалпы теориялық мəсе-лелермен танысуда бағыт-бағдар беруші рөлін атқаруға, оқушы-ларды аса маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен таныстыруға бағытталған. Оқу құралы, ең алдымен, заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттердің сыртқы бөлімінің студенттеріне арналған.
Кіріспе
Мемлекет жəне құқық теориясы – заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пəндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен – қолданыстағы заңнамамен, заң тəжірибесімен, мемлекет жəне құқықтың тарихы-мен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мəселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет жəне құқық теориясы студенттерде мемлекет жəне құқық, құқықтық жəне саяси мəдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың əртүрлі тарихи ке-зеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жəрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мем-лекет жəне құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нəти-жесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекет жəне құқық теориясы бойынша бұл оқу құралы өзінің қысқа мазмұны бойынша жалпы теориялық əдебиеттердің барлы-ғының орнын толтыра алмағанымен, жалпы теориялық мəселелер-мен танысуда өзінше бір жол көрсетушінің ролін атқаруға, сту-денттерді əрбір тақырып бойынша мейлінше маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен, арнайы заң түсінік-терімен таныстыруға бағытталған. Бұл құралды қалған материал-дарды меңгеру үшін ақпараттық-əдістемелік негізді құрайтын не-гізгі заң түсініктері мен санаттарының кеңейтілген сөздігі деп те атауға болады.
Оқу құралын дайындауда А. Б. Венгеров, С. С. Алексеев, С. А. Ко-маров, В. В. Лазарев, Н. И. Матузов, А. В. Малько, А. С. Пиголкин, В. Н. Хропанюк жəне т. б. сияқты ірі мемлекеттанушы-ғалымдар-дың еңбектері пайдаланылды.
Қараңыз: Алексеев С. С. Теория права. М. , 1996; Венгеров А. Б. Теория государства и права. М. ,1995; Ч
.2. М. , 1996; Комаров С. А. Общая теория государства и права. Саранск, 1994; Общая теория государства и права / Под ред. В. В. Лазарева. М. , 1996; Марчен- ко М. Н. Теория государства и права. М. , 1996; Теория государства и права / Под ред. Н. И. Матузова и А. В. Малько. М. ,1997; Общая теория права / Под ред. А. С. Пиголкина. М. , 1995; Хропанюк В. Н.

Author(s): Булгакова Д.А.

Language: Kazakh
Commentary: 479118
Tags: Юридические дисциплины;Теория государства и права